“Хангыль кәрістер қолданатын бірегей жазу.”

Хангыль – кәріс халқының төл жазуы. Хангыльді ұлы Седжонг патша ойлап тауып, ол 1443 жылы «Хунминчжоным» (мағынасы: халықты дұрыс дыбыстарға үйрету) деген кітапта басылып шықты. Хангыльдегі 17 дауыссыз дыбыс сөйлеу мүшелерінің (ауыз, таңдай, тіл, көмей) артикуляциялық қалпына сай келсе, 11 дауысты дыбыс адам денесі, аспан мен жердің пішінін қайталайды. Қазіргі таңда хангыльде барлығы 24 әріп бар, оның 14 - дауыссыз дыбыс, 10 - дауысты дыбыс. Хангыль 1997 жылы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысаны қатарына қосылды.
Сеулдің Кванхвамун алаңындағы Седжон патша ескерткіші
Хангыль - кәріс тілінің бірегей фонематикалық жазуы. Седжон патша жасаған хангыль адамның дыбыс шығаратын мүшелерінің (ауыз, тіл, ауыз қуысы, көмей) бейнесіне ұқсатып, сонымен қатар неоконфуцийшілдіктегі ғарышнама қағидаларын (инь - янь энергиялары мен бес алғашқы элемент) ескере отырып жасалған 17 дауыссыз дыбыс пен 11 дауысты дыбыстан тұратын жазу. Мұндағы 17 дауыссыз дыбыс сөйлеу мүшелерінің (ауыз, таңдай, тіл, көмей) артикуляциялық қалпын қайталаса, 11 дауысты дыбыс адам денесінің, аспан мер жердің пішінін қайталайды. Седжон патша "Хунминчжоным" (халықты дұрыс дыбыстарға үйрету) деген атпен кітапты шығарып, онда негізгі қағидалар мен академиялық дайындық туралы жазған.