“Әйелдер ханбогы әдетте чхима (белдемше) мен чогориден тұрған.”
Ханбок
Ханбок
Өзге отбасының ханбок киген кюсу (тұрмысқа шықпаған келіншек) (Элизабет Кит)
Әйелдер ханбогы әдетте чхима (белдемше) мен чогориден тұрған. Чхима - әйелдер ханбогының астыңғы бөлігі, оның ерекшелігі - кең әрі бүрмелі болуында. Ал чогори - ханбоктың үстіңгі бөлігі, она ежелден бері киіп келген, оның ерекшелігі алдыңғы жағында екі бау болған.Чогори - жас ерекшеліктеріне қарамай барлығы кие алатын ең негізгі киім болып саналады.
Ссыге чхимаi
Әйелдердің дәстүрлі қысқы бас киімі
"Ккотщин" деп аталатын жібек аяқ киім
Чогоридің тоқыма бауына немесе ханбоктың белдемше белдігіне тағатын әшекей
Дәстүрлі ханбокта қалта болмағандықтан өзімен бірге алып керекті заттарды салып жүретін дорбаша арнайы тігілген.
Ханбок
Белдемше іспеттес әйелдердің үйден шыққанда киетін, иек тұсында байланатын бас киімі. Ссыге чхиманың мақсаты - бөтен адамдардан әйел жүзін жасыру, себебі отбасы мүшелерінен өзге ер адамдар әйел жүзін көрмеуі керек болған.
Ханбок
Әйелдердің маңдай мен құлағын жауып, бет жағы дөңгеленіп келетін қалың бас киімі. Қыз балалардың алғашқы туылған күнінде сэктон чогори мен тахон чхимамен тольччанчхи кигізген.
Ханбок
Ханбок астына сай аяқ киім кию керек болған. Әйелдер кейде «ккотщин» деп аталатын унхе кисе, ерлер тхэсахе киген.
Ханбок
Әйелдер ханбогы әдетте чхима мен чогоридан тұрады. Оның үстіне жағдайға байланысты педжа киеді. Әшекей ретінде ханбокқа норигэ т.б. аксессуарлар тағылады.
Паныльчжип норигэ
Анбан
Чогори тоқыма бауына немесе ханбоктың белдемше белдігіне тағылатын әшекей. Норигэ алтын, күміс, нефрит, асқабақ секілді түрлі материалдардан жасалған. Егер асыл тасқа бір шашақ қана тағылса, оны «танджак норигэ», үш шашақ тағылса, «самджак норигэ» деп аталған. Паныльчжип норигэ - ине салғаш пішінді норигэ, киімнің әшекейі әрі тігін кезінде практикалық міндет атқарған.
туручумони
квичумони
Анбан
Әдетте әйелдер ханбогында қалта болмағандықтан бұйымдарды салатын кішкене қалташаларды өзімен бірге алып жүрген. Ол чумонилерге сәнді кестелер тігіліп, бақыт әкеледі, жамандықты аластайды деп сенген. Дөңгелек пішіндісін «туручумони», төртбұрыштысын «квичумони» деп атайды.