Бала дүниеге келгенде "гит" деп аталатын жағасыз жейде бенет-чогори кигізген. Ал ең алғашқы туылған күнінде («толь») бес түсті ккачи-турумаги деп аталатын киім кигізген. Ұл балалардың басына "хогон", қыздарға "кулле" кигізген.

Бала дүниеге келгенде "гит" деп аталатын жағасыз жейде бенет-чогори кигізген. Ал ең алғашқы туылған күнінде («толь») бес түсті ккачи-турумаги деп аталатын киім кигізген. Ұл балалардың басына "хогон", қыздарға "кулле" кигізген.
Бенет-чогори - баланың дүниеге келгендегі ең алғашқы киімі болғандықтан жылылығы мен тазалығына мән берілді. Киіп-шешу ыңғайлы болу үшін кең әрі жеңіл етіп тігілді. Бенет-чогори баулары мәндетті түрде мақтадан ұзын етіп тігілетін, өмірінің сол жіптей ұзақ болуын тілеген. Бенет-чогориді тек баланың жүз күндігіне дейін ғана кигізгенімен ұзақ уақыт бойы қастерлеп сақтаған. Бала өскеннен кейін емтихан тапсыру сияқты маңызды күндері бенет-чогориді өзімен бірге алып жүрсе, нәтижесі жақсы болады деп ырымдаған.
Баланың туылғанына бір жыл толған алғашқы туылған күнін «толь» деп атайды. Ол міндетті түрде аталып өткізілген, себебі баланың аман-есен өсуінің белгісі деп санаған. Бұл кезге дейін тек ақ түсті киім киіп келген бала, осы күні алғаш рет түрлі-түсті киім киеді.
Ұл бала жолбарыстай айбатты болсын деген ниетпен оған жолбарыс бейнесі тігілген хогонды кигізсе, қыз балаға безендірілген сәнді куллені кигізген.
Сәбидің алғашқы туылған күніне тарэ-посон деп аталатын шұлық дайындаған. Ұл балаларға көк баулы, қыз балаларға қызыл баулы шұлық кигізген.
Алғашқы туылған күнінде түрлі түсті киім киіп, ұзақ ғұмырды білдіретін «толь-тти» деп аталатын белбеуше таққан. Баланың ғұмыры ұзақ болуын тілеп, белдікті бір рет айналдыра байлайтындай ұзын етіп жасады.
Баланың дені сау болып өсуі үшін алғашқы туылған күніне түрлі түсті чогори кигізген. Балаға құт дарысын, жамандықтан аулақ болсын деген ниетпен оған бес түсті киім кигізген: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ.
Тольччанчхи - ұл бала алғашқы туылған күнінде, соллаль - айлы жаңа жылда киетін жолбарыс пішіндес бас киім. Айбатты жолбарыстың күшіне ие болсын деген ниетпен, балаға пәле-қаланы жуытпай, амандық пен ұзақ ғұмыр тілеп кигізген.
Тэньгидің бірнеше байламдары тағылатын қыз балалар бас киімі. Бүгінде қыз балалардың алғашқы туылған күнінде тольччанчхи немесе мерекеде сэктон чогори және тахон чхимамен киеді.
돌복 입은 아이 (폴 자쿨레)
아이의 첫생일인 돌때 돌옷을 입고 허리에 돌띠를 매었다. 돌띠에는 십장생도나 덕담을 수놓아 아기가 건강하고 복되기를 기원하였다.