“Ерлер ханбогы пачжи (шалбар) мен чогориден құралған.”
![Ханбок Ханбок](/k-box/images/kbox/sub/hanbok_p_04_04.png)
Ерлер ханбогы пачжи (шалбар) мен чогориден құралған. Пачжи – ерлердің ханбогының төменгі жағы. Шалбардың балағы «деним» деп аталатын баумен байланып, киімге сән беріп тұрған. Чогори - жынысқа қарамай ерлер мен әйелдер киетін ең негізгі киім. Сыртқа шыққанда ер адамдар негізгі ханбоктың сыртынан «пхо» деп аталатын сырт киім киген. «Пхоның» топхо, чунчхимак, турумаги т.б.сияқты түрлері бар.