Бала дүниеге келгенде "гит" деп аталатын жағасыз жейде бенет-чогори кигізген. Ал ең алғашқы туылған күнінде («толь») бес түсті ккачи-турумаги деп аталатын киім кигізген. Ұл балалардың басына "хогон", қыздарға "кулле" кигізген.
Балалар ханбогы
본문
Бенет-чогори
Бенет-чогори - баланың дүниеге келгендегі ең алғашқы киімі болғандықтан жылылығы мен тазалығына мән берілді. Киіп-шешу ыңғайлы болу үшін кең әрі жеңіл етіп тігілді. Бенет-чогори баулары мәндетті түрде мақтадан ұзын етіп тігілетін, өмірінің сол жіптей ұзақ болуын тілеген. Бенет-чогориді тек баланың жүз күндігіне дейін ғана кигізгенімен ұзақ уақыт бойы қастерлеп сақтаған. Бала өскеннен кейін емтихан тапсыру сияқты маңызды күндері бенет-чогориді өзімен бірге алып жүрсе, нәтижесі жақсы болады деп ырымдаған.
Толь-бок
Баланың туылғанына бір жыл толған алғашқы туылған күнін «толь» деп атайды. Ол міндетті түрде аталып өткізілген, себебі баланың аман-есен өсуінің белгісі деп санаған. Бұл кезге дейін тек ақ түсті киім киіп келген бала, осы күні алғаш рет түрлі-түсті киім киеді.
"Хогон" мен "кулле" бас киімдері
Ұл бала жолбарыстай айбатты болсын деген ниетпен оған жолбарыс бейнесі тігілген хогонды кигізсе, қыз балаға безендірілген сәнді куллені кигізген.
«Тарэ-посон» шұлықтары
Сәбидің алғашқы туылған күніне тарэ-посон деп аталатын шұлық дайындаған. Ұл балаларға көк баулы, қыз балаларға қызыл баулы шұлық кигізген.
"Толь-тти" белбеушесі
Алғашқы туылған күнінде түрлі түсті киім киіп, ұзақ ғұмырды білдіретін «толь-тти» деп аталатын белбеуше таққан. Баланың ғұмыры ұзақ болуын тілеп, белдікті бір рет айналдыра байлайтындай ұзын етіп жасады.
"Ккачи-турумаги" пәлтесі мен "сэкдон-чогори" көкірекшесі
Баланың дені сау болып өсуі үшін алғашқы туылған күніне түрлі түсті чогори кигізген. Балаға құт дарысын, жамандықтан аулақ болсын деген ниетпен оған бес түсті киім кигізген: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ.