Ақпарат картасы
"Кәріс мәдениеті қорабындағы" мағлұматтарды карточкалардан таба аласыз.
"Кәріс мәдениеті қорабындағы" мағлұматтарды карточкалардан таба аласыз.
Бёнпхун - бөлмені желден ықтау үшін, бөлмені өзгелерден тасалау үшін немесе ішкі көрініс бұйымы ретінде қолданылған. Кітаптар, жазба құралдары мен күйіктастан жасалған бұйымдар бейнеленген "чхеккадо бёнпхун" ер адамдар уақытының басым бөлігін өткізетін саранбанға қойылған.
Жерде отырып кітап оқу немесе жазу жазу үшін қолданылатын үстел. Негізінен саранбанда сабақ оқығанда қоланылатын, сонымен қатар қонақ күткенде үй иесінің шекарасын белгілеп, саранбандағы басты жиһаз болған.
Мунбансау "жұмыс бөлмесінің төрт құнды заты" дегенді білдіреді, олар: қағаз, қылқалам, сия мен сиясауыты. Бұл құралдарды "жазушының ең жақын достары" деп атаған.
Жазу немесе кескіндеме үшін қолданылатын қылқаламдарды кептіріп іліп қоюға арналған ұстағыш. Көлденең орналасқан қылқалам ілетін бірнеше ілгегі болады.
Балауыз шамды қоюға арналған шырақ құрылғысы ретінде негізінен ағаштан немесе металлдан жасалады. Балауыз шамды шаншуға арналған қысқа тұғыры, шамның майын алатын тәрелке, шамның жарықтығын теңшейтін, желден қорғап тұратын арнайы қалқаны болады.
Киімі тырна суретімен әшекейленген шенеунік Ли Со Гудың портреті - Кореяның ұлттық мұражай жәдігері
Хюнбэ - Чосон дәуіріндегі патша әулеті мен шенеуніктер киімінің кеудесі мен арқасына кестелеп тігілген жібек жапсырма. Негізінен жолбарыс пен тырна бейнеленген. Ел басқару ісімен айналысатын шенеуніктің хюнбесіне тырна, әскери істерді басқаратын шенеуніктің киіміне жолбарыс кестелеп тігілген.
Чончжакван киген Ким Чже Доктың портреті
"Садэбу" жоғарғы тап санатындағы ер адамдары үй ішінде киетін бас киім. Чончжакван тау пішіндес болып келіп, 2 немесе 3 қабат етіп тігіледі. Қабаты көп болған сайын бас киімнің көркіне көрік қосылады.
Кореяның дәстүрлі үрмелі аспаптарына тэгым, тансо, хянпхири және тхэпхёнсо жатады. Тэгым үлкен флейтасының дыбысы тұнық әрі диапазоны кең болғандықтан басқа аспаптармен бірге үндескенде жетекші орынға ие болады.
Садақ ату (Ким Хон До) - Кореяның ұлттық мұражай жәдігері
Чосон дәуірінде садақ ату әскери шенеунік болу үшін өтуге тиіс сынақтардың бірі болды. Алайда сонбилер де дене қуатын арттырып, зейінін шоғырландыру үшін садақ ату шеберлігін жетілдірді.
Сугедоквон (Ю Сук)
Корей дәстүрлі қоғамының зиялы қауым өкілдері - сонбилер жиналып, өлең жазып, сауық-сайран құрған бейнеленген кескіндеме. Суретте допхо мен кат киіп, жазушылар кездесуінде өлең оқып немесе мәтін жазып отырған сонбилерді көруге болады. Сондай-ақ мүштік тарту әлеуметтік қатынас құралы болған.
Бёнпхун - бөлмені желден ықтау үшін, бөлмені өзгелерден тасалау үшін немесе ішкі көрініс бұйымы ретінде қолданылған. Гүлдер мен құстар бейнеленген "хвачжодо бёнпхун" ашылмалы қалқасы анбанның интерьер бұйымы болған. "Гүлдердің патшасы" саналған таушымылдық байлық пен құрмет белгісі болған.
Әйелдер боянып-таранғанда қолданатын айнасы бар шағын жиһаз. Ішкі жағының үстінде айнасы, ал астында косметика мен әшекейдер салатын тартпасы бар. Кёндэның ерекшелігі - еденде отырып еңкейтуге ыңғайлы.
Тігіншілікке қажетті ине, жіп, оймақ сияқты құралдарды жинап қоятын сандықша. Қағаздан, ағаштан, әр түрлі материалдардан, алуан пішінде жасалған. * Тігіншілікке матадан бөлек "кючжунчхиру" (әйелді жеті көмекшісі) деп аталатын құралдар – жіптер, инелер, оймақ, қайшы, сызғыш, инду және үтік пайдаланған.
Сабантхакчжа - жан-жақ тартпалары ашылатын үстел-тапал тіреу. Бұл жиһаздың ерекшелігі - ұзындығы мен ені бірдей болғандықтан, үйлесімді көрінеді.
Көмір салып от жалынын сақтайтын ыдыс. Хвароның қолданысы алуан түрлі: ошақ бөлме ішінде тамақ жылытқанда немесе киім үтіктеу үшін инду қыздырғанда. Үй ішінде от ұшқыны болса, пәле-жаладан аулақ боламыз деп сенгендіктен, әйелдер барынша хвароның отын өшірмеуге тырысқан.
Корея креативті контент агенттігі www.culturecontent.com ұсынған
Кореяның ұлттық шаш әшекейі пинё екі міндет атқарған: түйілген немесе өрілген шашты шаштың тарқатылып кетпеуі үшін және әшекей немесе басқа әшекейлерді тағу үшін қолданылды. «Твиккочи» - пинёнің көмегімен шашқа тағылатын тарақ-түйреуіш.
Аптэньги тағылған шаш үлгісі (сол жақта) және дотурак тэньги тағылған шаш үлгісі (оң жақта)
Чоктури - үйлену тойында қалыңдық киетін бас киімі. Қалыңдық чоктуриді киген соң, пинёге әшекей ретінде аптэньги мен дотурак тэньги бауларын таққан. Аптэньги ұзын пинё түйреуішінің бос жеріне тағылып, иықтан алға қарай түсіп тұрса, дотурак тэньги - қалыңдықтың шашына артынан түйреліп, артқа қарай салбырап тұратын ұзын бау.
Хансон - дәстүрлі үйлену тойында қалыңдықтың жүзін жасыруға қолданылатын дөңгелек пішінді желпуіш. Желпуіште байлық пен құрметтегі ұзақ өмірді білдіретін таушымылдық бейнеленген.
Әдетте әйелдер ханбогында қалта болмағандықтан бұйымдарды салатын кішкене қалташаларды өзімен бірге алып жүрген. Ол чумонилерге сәнді кестелер тігіліп, бақыт әкеледі, жамандықты аластайды деп сенген. Дөңгелек пішіндісін «туручумони», төртбұрыштысын «квичумони» деп атайды.
Чогори тоқыма бауына немесе ханбоктың белдемше белдігіне тағылатын әшекей. Норигэ алтын, күміс, нефрит, асқабақ секілді түрлі материалдардан жасалған. Егер асыл тасқа бір шашақ қана тағылса, оны «танджак норигэ», үш шашақ тағылса, «самджак норигэ» деп аталған. Паныльчжип норигэ - ине салғаш пішінді норигэ, киімнің әшекейі әрі тігін кезінде практикалық міндет атқарған.
Төртбұрыш дастарқан пішінді тігіншіліктен қалған әр түрлі мата қиындыларынан жасалған ұсақ заттарды орап салуға немесе тасымалдауға арналған құрақ.
Инду - отқа қыздырып, киімнің тігісі мен ернеуін, матаның қатпарын жазуға қолданылатынежелгі үтік іспеттес құрал. Индупхан - киімдерді үстіне қойып үтіктейтін құрал. Тақтайшаны матамен көмкеріп, ішіне мақта салып жасайды.
Тольччанчхи - ұл бала алғашқы туылған күнінде, соллаль - айлы жаңа жылда киетін жолбарыс пішіндес бас киім. Айбатты жолбарыстың күшіне ие болсын деген ниетпен, балаға пәле-қаланы жуытпай, амандық пен ұзақ ғұмыр тілеп кигізген.
Тэньгидің бірнеше байламдары тағылатын қыз балалар бас киімі. Бүгінде қыз балалардың алғашқы туылған күнінде тольччанчхи немесе мерекеде сэктон чогори және тахон чхимамен киеді.
Ерлер ханбогы пачжи мен чогоридан құралған, түрлі жағдайларға байланысты үстінен педжа киеді.
Әйелдер ханбогы әдетте чхима мен чогоридан тұрады. Оның үстіне жағдайға байланысты педжа киеді. Әшекей ретінде ханбокқа норигэ т.б. аксессуарлар тағылады.
Сугедоквон (Ю Сук)
Чосон дәуірінде жоғарғы тап санатындағы ер адамдардың сыртқа шыққанда киетін бас киімі. Катты жылқының қылынан бамбук негізінде, көбінесе қара түсті етіп жасап, "хыкнип" деп атаған.
Поккон киген бала (Элизабет Кит)
Чосон дәуірінде конфуцийшілдік ғалымдарының киетін бас киімі. Бүгінгі таңда покконды ұл балалар мерекеде немесе алғашқы туылған күнінде киеді.
Суретті тамашалаушы кісілер (Ким Хон До) - Корея ұлттық мұражай жәдігері
Чосон дәуіріндегі конфуцийшілдік ілім шәкірттерінің оқу орнында немесе совонда киетін бас киімі. Кию барысында артқа қарай ыңғайланады.
Кальмо киген ер адам (Поль Жакуле)
Жаңбыр не қар жауғанда кат қалпағының үстінен киілетін күләпара іспеттес бас киім. Кальмо кәріс күріш қағазынан жасалып, оған соя немесе перилл майы жағылады. Оңай бүктелетіндіктен кальмоны өзімен бірге алып жүруге қолайлы.
Әйелдердің маңдай мен құлағын жауып, бет жағы дөңгеленіп келетін қалың бас киімі. Қыз балалардың алғашқы туылған күнінде сэктон чогори мен тахон чхимамен тольччанчхи кигізген.
Жыныстық ерекшеліктерге қарамастан киетін қалың бас киім. Намбави - төбесі ашық, бірақ маңдай, арқа мен құлақты толықтай жауып, жылуды жақсы сақтайтын байламалы бас киім. Іші жүнмен, сырты көк жібекпен қапталған.
Күмістен алмұрт дәні пішіндес етіп жасалып, жеті асыл таспен(алтын, күміс, лазурит, кристалл, коралл, ақық, маржан) безендірілген шашбау. Шашы әлі ұзарып өсе қоймаған қыз балалардың шаш айрығына тағылады.
Чосон дәуіріндегі зиялы қауым өкілдері болып табылатын сонбилер киген сырт киім. Жағасы тік, жеңі кең, киімнің артқы жағында тағы бір қабат матадан жасалған. Топхоның жағасы тік, жеңдері кең, ал арқасында екі қабат астар болған.
Ер адамдар сыртқа шыққанда киетін сырт киім. Топходан ерекшелігі - жеңдері ашық, кең, жүріп-тұрғанға ыңғайлы болғандықтан жиі киілген.
Ерлер мен әйелдердің сыртқа шыққанда киген сырт киімі. Жан-жағы түгелдей дерлік жабық болғандықтан «турумаги» деп аталады.
Белдемше іспеттес әйелдердің үйден шыққанда киетін, иек тұсында байланатын бас киімі. Ссыге чхиманың мақсаты - бөтен адамдардан әйел жүзін жасыру, себебі отбасы мүшелерінен өзге ер адамдар әйел жүзін көрмеуі керек болған.
Ханбок астына сай аяқ киім кию керек болған. Әйелдер кейде «ккотщин» деп аталатын унхе кисе, ерлер тхэсахе киген.
Сеулдің Кванхвамун алаңындағы Седжон патша ескерткіші
Хангыль - кәріс тілінің бірегей фонематикалық жазуы. Седжон патша жасаған хангыль адамның дыбыс шығаратын мүшелерінің (ауыз, тіл, ауыз қуысы, көмей) бейнесіне ұқсатып, сонымен қатар неоконфуцийшілдіктегі ғарышнама қағидаларын (инь - янь энергиялары мен бес алғашқы элемент) ескере отырып жасалған 17 дауыссыз дыбыс пен 11 дауысты дыбыстан тұратын жазу. Мұндағы 17 дауыссыз дыбыс сөйлеу мүшелерінің (ауыз, таңдай, тіл, көмей) артикуляциялық қалпын қайталаса, 11 дауысты дыбыс адам денесінің, аспан мер жердің пішінін қайталайды. Седжон патша "Хунминчжоным" (халықты дұрыс дыбыстарға үйрету) деген атпен кітапты шығарып, онда негізгі қағидалар мен академиялық дайындық туралы жазған.
Тхэгыкки - Корея Республикасының мемлекеттік туы. Ақ түсті жалаудың ортасында екі түсті дөңгелек, ал жан - жағында қара түсті гексаграммалар бейнеленген. Ақ түс – жарқындық, пәктік, бейбітшіліктің белгісі болса, инь-янь эмблемасы бастапқы үйлесімділікті білдіреді. "Кон", "гон", "кам", "ри" төрт триграммалары аспан, жер, су, оттың белгісі болып табылады.
연상은 상부에 벼루집이 있고, 그 아래 선반이나 서랍을 만들어 벼루와 붓등 필기구를 보관하는 가구이다
사모를 쓴 권협 초상
관리들이 관복을 입을때 함께 착용했던 모자로 혼례때에는 서민들도 착용이 허락되었다.
혼례를 할때 신랑이 신부집에 나무기러기를 전달했다. 사이가 좋은 암수 기러기처럼 평생 동안 금술 좋게 살겠다는 뜻을 상징한다.
부채는 손으로 부쳐 바람을 일으키는 도구이다. 그중 접선은 부챗살과 부채 가장자리의 갓대를 결합하여 접었다 펼 수 있는 휴대가 간편한 쥘부채이다.
여속도첩 (신윤복) | 국립중앙박물관 소장
담배를 피우는데 쓰는 도구로 설대가 긴것은 장죽, 없거나 짧은것은 곰방대라 부른다.
기해 기사계첩-기사사연도 중 일부 | 국립중앙박물관 소장
백자는 자기의 한 분류로 순백색의 바탕흙에 투명한 유약을 발라 구운 백색의 자기이다. 항아리는 궁중이나 일상생활에서 음식, 술, 꽃 등을 담기 위한 용도로 안전하게 보관하기 위해서 가구 위에 두고 사용했다.
돌복 입은 아이 (폴 자쿨레)
아이의 첫생일인 돌때 돌옷을 입고 허리에 돌띠를 매었다. 돌띠에는 십장생도나 덕담을 수놓아 아기가 건강하고 복되기를 기원하였다.