“Ханок – так называется корейский традиционный дом.”
Кореяның дәстүрлі үйі Ханок деп аталады. Ханок – төрт мезгілі айқын Корея табиғатында ыстықтың да, суықтың да шешімін табуға бағытталған ерекше тұрғын үй мәдениеті. Қапталған еден оның астынан өтетін түтін арқылы жылынып, сол арқылы бүкіл бөлмелерге жылу берсе, жаздың аптап ыстығынан тұрғындарды жақсы жел есіп тұратын дэчхонмару қорғайтын.
Ханоктың тағы бір ерекшелігі – әсіресе, ақсүйектер үйінде еркек пен әйелдің тұрмыстық кеңістігі айқын бөлінген. Ханоктың бас қақпасынан кіргенде саранчхе деп аталатын ер адамдар тұрып, оқитын және қонақ күтетін бөлмеге тап боласыздар. Саранчхе үйдің басқа бөліктерінен биік тұрғызылып, осылайша үй иесінің мәртебесі көрсетілетін. Саранчхеның қабырғасының ар жақ бөлігінде, үйдің ішінде бөгде ешкім кірмейтіндей жерде тек әйелдер тұратын әйел кеңістігі болатын.
Жылжымалы мұражайдың "Кәріс мәдениеті" корапшасындағы "Саранбан" және "Анбан" экспозициялары ханоктың ерлер мен әйелдер кеңістігінің тұрмыстық бұйымдарымен безендірілген, бұл арқылы дәстүрлі кәріс қоғамындағы еркек пен әйелдің қандай тұрмыстық мәдениетімен таныса алады.