“Үй шаруашылығын мінсіз жүргізу әйелдің отанасы ретіндегі ізгілікті қасиеті саналған.”
Дана ана ретінде әйелдердің басты міндеті дені сау, салиқылы ұрпақ тәрбиелеу болса, отанасы ретінде үй шаруасын мінсіз атқару болды.Әйел үшін үй шаруасы отанасы рөлінің маңыздылығында болды. Үйлену тойынан кейін әйелдер үй шаруасын енелерінен үйреніп, кейіннен өз қолдарына алған. Әйелдің отанасы болуының дәлелі ретінде енесінен коткан (дән, ұн т.б. сақтайтын жер), кве (зат салатын сандықша), чоннон (киім шкафы) кілттерін алған.