“Дәстүрлі қоғамдағы ер адамдардың өмір сүріп, оқу оқып, қонақтармен сөйлескен кеңістігі”
Саранбан – дәстүрлі қоғамда ер адамдардың ғылым-біліммен айналысып, қонақты қарсы алатын кеңістігі. Саранбанда көбінесе сонбилердің (Чосон дәуіріндегі зиялылар мен оқымыстылар) жиі қолданған заттары болған. Негізінен онда "соан" және "мунбансау" атап айтқанда, қылқалам, қағаз, сия, сия сауыт болған.Сонымен қатар саранбан білімге деген құштарлықты білдіретін чхеккадомен немесе шенеунік болу үшін тапсырылатын кваго мемлекеттік емтиханының сәтті тапсырылуын білдіретін яннидомен (суда секірген тұқының суреті) безендірілген. Дәстүрлі қоғамдағы ер-азаматтар саранбандағы уақытты квагоны сәтті тапсыруға немесе конфуцийшілдіктің ата - анаға құрмет, абырой, адалдық, сенімге лайықты болу, әдептілік қағидалары, өмір жолындағы дұрыс бағыт, тазалық пен ұят секілді басты ізгі қасиеттерге талпынуға дайындалған.