본문 영역 바로가기

Балалар ханбогы

본문

Бала дүниеге келгенде "гит" деп аталатын жағасыз жейде бенет-чогори кигізген. Ал ең алғашқы туылған күнінде («толь») бес түсті ккачи-турумаги деп аталатын киім кигізген. Ұл балалардың басына "хогон", қыздарға "кулле" кигізген.

Ханбок Ханбок
Бенет-чогори

Бенет-чогори

Бенет-чогори - баланың дүниеге келгендегі ең алғашқы киімі болғандықтан жылылығы мен тазалығына мән берілді. Киіп-шешу ыңғайлы болу үшін кең әрі жеңіл етіп тігілді. Бенет-чогори баулары мәндетті түрде мақтадан ұзын етіп тігілетін, өмірінің сол жіптей ұзақ болуын тілеген. Бенет-чогориді тек баланың жүз күндігіне дейін ғана кигізгенімен ұзақ уақыт бойы қастерлеп сақтаған. Бала өскеннен кейін емтихан тапсыру сияқты маңызды күндері бенет-чогориді өзімен бірге алып жүрсе, нәтижесі жақсы болады деп ырымдаған.

Баланың алғашқы туылған күні Баланың алғашқы туылған күні "тольді" атап өту

Толь-бок

Баланың туылғанына бір жыл толған алғашқы туылған күнін «толь» деп атайды. Ол міндетті түрде аталып өткізілген, себебі баланың аман-есен өсуінің белгісі деп санаған. Бұл кезге дейін тек ақ түсті киім киіп келген бала, осы күні алғаш рет түрлі-түсті киім киеді.

Баланың алғашқы туылған күні Баланың алғашқы туылған күні "тольде" жайылған мерекелі дастарқан
Хогон Хогон i
Кулле Кулле i

"Хогон" мен "кулле" бас киімдері

Ұл бала жолбарыстай айбатты болсын деген ниетпен оған жолбарыс бейнесі тігілген хогонды кигізсе, қыз балаға безендірілген сәнді куллені кигізген.

"Хогон" мен "кулле" бас киімдері

Ұл бала жолбарыстай айбатты болсын деген ниетпен оған жолбарыс бейнесі тігілген хогонды кигізсе, қыз балаға безендірілген сәнді куллені кигізген.

«Тарэ-посон» шұлықтары «Тарэ-посон» шұлықтары

«Тарэ-посон» шұлықтары

Сәбидің алғашқы туылған күніне тарэ-посон деп аталатын шұлық дайындаған. Ұл балаларға көк баулы, қыз балаларға қызыл баулы шұлық кигізген.

"Толь-тти" белбеушесі

"Толь-тти" белбеушесі

Алғашқы туылған күнінде түрлі түсті киім киіп, ұзақ ғұмырды білдіретін «толь-тти» деп аталатын белбеуше таққан. Баланың ғұмыры ұзақ болуын тілеп, белдікті бір рет айналдыра байлайтындай ұзын етіп жасады.

"Ккачи-турумаги" пәлтесі
«Сэкдон-чогори» көкірекшесі «Сэкдон-чогори» көкірекшесі

"Ккачи-турумаги" пәлтесі мен "сэкдон-чогори" көкірекшесі

Баланың дені сау болып өсуі үшін алғашқы туылған күніне түрлі түсті чогори кигізген. Балаға құт дарысын, жамандықтан аулақ болсын деген ниетпен оған бес түсті киім кигізген: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ.

페이지 상단으로 이동
Close
Close