본문 영역 바로가기

Көркем киім, Ханбок

본문

Кәрістер белгілі бір уақыт пен орынға байланысты түрлі түсті және сәнді ханбок киген

Мерекеде көркем ханбок киген анасы мен
балалары (Элизабет Кит) Мерекеде көркем ханбок киген анасы мен балалары (Элизабет Кит)

«Ханбок» - кәріс халқының ұлттық киімі. Ертеректе кәрістер ақ түсті киімді жиі киетіні соншалықты, оларды тіпті «Ақ киетін ұлт» деп атаған. Бірақ алуан түсті сәнді ханбокты да өз орнымен кие білген. Бас киімді де киімге сай етіп таңдап алған. Ер адамдар шалбар мен чогориден (кеудешеден) тұратын ханбокты, әйелдер чхима (белдемше) мен чогориден тұратын ханбок киген. Төрт мезгілі айқын байқалатын Кореяда киімді мезгілге сай етіп кию аса маңызды саналды. Әсіресе қақаған қыс пен аптап ыстықта киетін ханбокқа ерекше мән беріліп, оларды тігетін арнайы маталар мен киім түрлері ойлап табылды.

Ақ киімді ұнататын кәрістер/Сәнді киім киген анасы мен балалары (Элизабет Кит) Ақ киімді ұнататын кәрістер/Сәнді киім киген анасы мен балалары (Элизабет Кит)
페이지 상단으로 이동