Аннёң
"Кәріс мәдениеті" топтамасындағы аннён экспозициясы кәріс мәдениетімен, хангыль жазуымен, кәріс сәлемдесуімен таныстырады. Бұл экспозиция арқылы Кореямен сәлемдесіңіз. Аннён, Республика Корея!
Сеулдің Кванхвамун алаңындағы Седжон патша ескерткіші
Хангыль - кәріс тілінің бірегей фонематикалық жазуы. Седжон патша жасаған хангыль адамның дыбыс шығаратын мүшелерінің (ауыз, тіл, ауыз қуысы, көмей) бейнесіне ұқсатып, сонымен қатар неоконфуцийшілдіктегі ғарышнама қағидаларын (инь - янь энергиялары мен бес алғашқы элемент) ескере отырып жасалған 17 дауыссыз дыбыс пен 11 дауысты дыбыстан тұратын жазу. Мұндағы 17 дауыссыз дыбыс сөйлеу мүшелерінің (ауыз, таңдай, тіл, көмей) артикуляциялық қалпын қайталаса, 11 дауысты дыбыс адам денесінің, аспан мер жердің пішінін қайталайды. Седжон патша "Хунминчжоным" (халықты дұрыс дыбыстарға үйрету) деген атпен кітапты шығарып, онда негізгі қағидалар мен академиялық дайындық туралы жазған.
Тхэгыкки - Корея Республикасының мемлекеттік туы. Ақ түсті жалаудың ортасында екі түсті дөңгелек, ал жан - жағында қара түсті гексаграммалар бейнеленген. Ақ түс – жарқындық, пәктік, бейбітшіліктің белгісі болса, инь-янь эмблемасы бастапқы үйлесімділікті білдіреді. "Кон", "гон", "кам", "ри" төрт триграммалары аспан, жер, су, оттың белгісі болып табылады.