Анбан - әсемдікке толы әйел кеңістігі
본문
![Тігіншілікпен айналысып отырған әйелдер Тігіншілікпен айналысып отырған әйелдер](/k-box/images/kbox/sub/cont_p_03_01_01.jpg)
Анчхе – әйелдердің тұрмыс кеңістігі.
Сондықтан бейтаныс адамдарды былай қойғанда, үйдегі ер адамдар да анбанға емін-еркін кіре алмаған. Сол себепті әйелдер бөлмелері қақпадан қарағанда көрінбейтіндей етіп, үйдің ең ішкі бөлігінде орналасқан.
Анчхе - үй шаруасына жауапты отанасының тамақ даярлап, әр мезгілге сай киім-кешек, көрпе-көпшікті дайындайтын шаруашылық кеңістігі әрі парасатты ана ретінде ұрпақ тәрбиесімен айналысатын жері. Сонымен қатар анчхеде әйелдер дана аналар сияқты өз үлгі-өнегесі арқылы үй шаруашылығын жүргізуді үйретіп, бала тәрбиелеген.
![Мата қиындыларынан жасалған чокагбо Мата қиындыларынан жасалған чокагбо](/k-box/images/kbox/sub/cont_p_03_01_02.jpg)
Ертеде барлығы киімді үйде тігіп кигендіктен әйелдердің тігіншілік шеберлігі маңызды саналған. Қыздар жастайынан әжесі мен анасынан киім тігуді, мата қиқымдарынан чокагбо жасап, тігіншілік өнерін жетілдірді. Сондай-ақ кесте, "медып" шашақ жасауды үйрене отырып, әшекейлерді жасауға ден қойды. Сондықтан әйелдердің тұрмыс кеңістігінде тігіншілік құралдары, үтік пен хваро (ошақ) әйелдер кеңістігінде мәндетті атрибут саналды.
![Кесте мен Кесте мен](/k-box/images/kbox/sub/cont_p_03_01_03.jpg)